Бүгін 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы қаралды. ЭКСПО-2017 көрме нысандарын пайдалану шараларына бөлінген 33,8 млрд теңгені 2018-2019 жылдарда жұмсау жоспарланған. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

ҚР «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстыру барысында Бақыт Сұлтанов «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге жұмсалатын қаржы туралы айтты.

«2017-2019 жылдары «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін даярлау және жүргізуге 110,8 млрд теңге қарастырылды», - дейді министр.

Оның айтуынша, жобаға сәйкес, 2017 жылы халықаралық көрме бюросымен өзара ынтымақтастық шараларға, көрмені ұлттық және халықаралық мәдени, спорттық шараларда жарнамалауға 77 млрд теңге жұмсау жоспарланған. Ал қалған сома көрме пайдалануға берілгеннен кейін жұмсалады.

«2018-2019 жылдарға жоспарланған 33,8 млрд теңге ЭКСПО нысандарын көрмеден кейін пайдалануға жұмсалады», - дейді Бақыт Сұлтанов.

 

Сурет: kapital.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер