«Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының президенті болып Қанат Алпысбаев тағайындалды, деп жазады bnews.kz, мекеменің баспасөз қызметінің хабарламасына сүйене отырып .

Қанат Қалиұлы Алпысбаев – 1972 жылы 31 наурызда Ақмола облысы Атбасар қаласында дүниеге келді.
Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын, Кентукки университетін (АҚШ), Мәскеу халықаралық жоғары бизнес мектебін бітірді. Магистр ғылыми дәрежесі бар.
1994-2002 жылдар аралығында Целинная темір жолдарының кәсіпорындарында, «Қазақстан темір жолы» РМК, түрлі саладағы акционерлік қоғамдарда жұмыс атқарды.
2002-2003 жылдары «Эйр Астана» ЖАҚ қаржы және басқару жөніндегі директоры, қаржы және, ақпараттық технологиялар жөніндегі Вице-президенті.+

2005 жылдың қараша айынан 2008 жылдың маусым айына дейін «Дженерал Электрик» корпорациясының бизнесті дамыту жөніндегі филиал директоры болып жұмыс істеді.
2008-2013 жылдар аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ қаржы және экономика жөніндегі Вице-президенті.
2013 жылдың қаңтар айынан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ логистика Вице-президенті.

Сурет: inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер