Мәжілісте 2017-2019 жылдарға арналған бюджет жобасы таныстырылды. Ел өмірі үшін аса маңызды құжатты талқылауға депутаттармен қоса, салмақты сарапшылар, бірқатар партия мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

 

Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

2017 жылғы  экспорт 40,2 млрд. АҚШ доллары деңгейінде, кейіннен экспорттың 2021 жылы 53,3 млрд. АҚШ долларына дейін өсуі, импорттың 2017 жылғы 29,1 млрд. АҚШ долларынан тиісінше 2021 жылы 38,2 млрд. АҚШ долларына дейін өсуі болжамданып отыр. Инфляцияның орташа жылдық деңгейі 2017 жылы 6,0-8,0% шегінде болады, кейіннен 2021 жылға қарай 3,0-4,0%-ға дейін  төмендейді.

 

Жалпы жауапты министрлердің сөзіне сүйенсек, алдағы 3 жылға арналған  республикалық бюджет экономикалық қиындықтарға қарамастан, әлеуметтің әлеуетін көтеруі тиіс. Елбасы айтқандай, есеп-қисапсыз жұмсалатын трансферттер азайып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға мол қаржы құйылады. Сәйкесінше, ұлттық қордан алдағы 3 жылға жалпы сомасы 8,6 триллион теңгеге тең кепілдендірілген трансферт бөлінеді. Ал  441,6 миллиард теңге "Нұрлы жол" бағдарламасын жүзеге асыру, "Қазақстан ипотекалық компаниясының" сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және тұрғын үй құрылысы сынды маңызды жобаларға жұмсалады.

 

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Ең басты әлеуметтік мәселердің толыққанды кемімей, өзіндің дамуын қалдырып отыр. Оған артық ештеңе салынған жоқ. Керісінше, кейбір шығындарды біз жергілікті бюджеттің өзіндік мүмкіндіктерін арттыру жолында беріліп отыр. Әсіресе "Балапан" бағдарламасы бойынша 94 миллиард теңгенің шығындары жергілікті бюджеттің өзіндік шығынымен қамтамасыз етіледі.

 

Биыл салық органдарына 3,5 триллион теңгенің төлемдері түсті. Бұл былтырғы көрсеткіштен 1 жарым есе артық. Ал бюджетке соның 2,45 триллион теңгесі аударылды. Сондай-ақ, оған ұлттық қордан қаржы қаралды.

 

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

Біраз бағдарламаларды біз бюджетке енгізіп отырмыз. Ал келесі дағдарысқа дайын болса, оған ресурс болу үшін біз дайын лолуымыз керек. Ол үшін біз бюджеттің тапшылығын төмендетіп отырмыз. Сондай-ақ, ұлттық қордан бөлінетін қаржыны қысқартып отырмыз. Биыл 400 миллиардай қаражатты ұлттық қорға қайтарайын деп отырмыз. Және келесі жылы 284 миллиардты қысқартып отырмыз. 

 

Қаржылық құжат ең алдымен мұнай бағасының барреліне 35 доллардан сатылуы мен шетелдік валютаның 360 теңгеге дейінгі бағамына сәйкес дайындалды. Оның үстіне, еліміз 2021 жылға қарай 86,5 миллион тонна қара алтын өндіруді жоспарлап отыр. Депутаттардың айтуынша, бұл жағдай экономикалық ахуалды төмендетпеуге мүмкіндік береді. Дегенмен, халық қалаулыларын ауыл-аймақтардың таза ауыз сумен толық қамтылмай отырғаны қынжылтады.

 

Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

2017 жылы біздің министрлік бойынша ауыз суға 19 миллиард теңге қарастырылған. Бұл жаңа жобаларға. Өткен жылмен салыстырсақ, 3 есе өсті. Жаңа жобаларды тағы жинап жатырмыз. Сол цифрларды зерттеп, келер жылы қайтадан қарастырып, жаңа сомаларды қосуға мүмкіндік болса, қарастырамыз.

 

Жалпы еліміздің бюджет тапшылығы 577 миллиард теңгені құрайды. "Оны жою үшін ішкі нарықтан қаржы тартылады",- дейді жауапты сала басшылары. Яғни, мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып, қаржының тиісті мақсатта жұмсалуы қатаң бақылауда болады. 

 

 

 

Сурет: parlam.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер