"ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінде "Үздік тәжірибелер аймағы" павильонына қойылатын ең үздік жобалар анықталды. Онда баламалы қуат көзін алатын түрлі технологиялар мен жобалар қойылмақ. Байқауды  халықаралық іріктеу комиссиясы жүзеге асырады. Оның құрамында Нобель сыйлығының лауреаты Джордж Смут, халықаралық термоядролық реактор сынағының бас директоры Бернар Биго, Энергетика мен пайдалы қазбалар директоры Чарльз Файнстайн, Энергия мен ресурстар институтының бас директоры Раджендра Пачаури бар. "Үздік тәжірибелер аймағы"  көрменің орталығы болады. Онда қуат көзін алу, сақтау, шығарудағы үздік жобалар таныстыралмақ. Сондай-ақ, көрме қатысушылары энергетика саласындағы үздік жетістіктерді көрсетіп қана қоймай, тәжірие алмасып, өзара пікір бөлісе алады.

 

Джордж Смут, Халықаралық іріктеу комиссиясының мүшесі,  Нобель сыйлығының лауреаты:

"Үздік тәжірибелер аймағы" ЭКСПО көрмесіндегі қызықты павильондардың бірі болады деген сенімдемін. Онда дүниенің түкпір-түкпірінен ең мықты технологиялар, өнімдердің жаңа түрлері мен құрал-жабдықтар көрсетіледі. Дүниежүзі бойынша 133-ке жуық өтінім келіп түстін. Халықаралық іріктеу комиссиясы 20-ға жуық жобаны таңдады.

 

 

 

Сурет: cre-kazakhstan.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер