КазЕОсат ғарыш аппараты түсірген суреттер 116 миллион теңгеге  саудаланды. Бұл туралы  орталық коммуникациялар брифингінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы президентінің орынбасары Айдын Айымбетов мәлім етті. Бұл суреттерді негізінен Африка елдері сатып алған.  Айымбетовтың сөзінше, суреттер 10 миллион шаршы шақырым аумақты қамтыды. Түсірілімдердің басым бөлігі геодезия, картография, ауыл шаруашылығы, құрылыс, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік салаларында қолданылады. Алдағы уақытта компания заманауи технологияларды дамытып, жаңа жобаларды іске асырмақ. Мәселен, 2017 жылы мемлекеттік жеке меншік әріптестік негізінде түрмеде қамалған азаматтарды бақылау жүйесі қолға алынады деп жоспарлануда.

 

Еркін ШАЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ИДМ АЭРОҒАРЫШ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 Қазір алдымызда тұрған негізгі тапсырмалардың бірі - ғарыш инфрақұрылымын тиімді пайдалану. Соның арқасында экономикадағы мәселелердің көбін шешуге болады. Түсірілім жасаумен қатар, басқа да ақпаратпен қамтамасыз ете аламыз. Сондай-ақ, "Қазақстан ғарыш сапары" отандық 15 байланыс операторы мен ұйымдардың қажеттілігін қамтамасыз етіп отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер