Семей қаласының тұрғыны Бауыржан Базбеков ауласынан сырты өрнектелген, көне тас тауып алды. Құдық қазып жатып әуелгіде мән бермейді. Кейіннен бұдан бірнеше жыл бұрын бақшасынан табылған ескі  пышақ есіне түсіп,  ғалымдарға  жүгінеді. Жергілікті өлкетанушылар мен тарихшылар да бұл жаңалыққа қызығушылық тудырып отыр. Археологтардың алдын-ала болжауы бойынша, бұл тас қола дәуіріне тиесілі, тіпті сақ патшаларының қорымы, яғни тас - табыт болуы әбден мүмкін. Қазір мамандар зерттеуге белсене кірісті.

 

Амантай ИСИН, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

Біздің қаламыздың тарихы тереңде ғой, қаланың өзінің шеңберінде ескерткіштер табылып жатыр, соның куәгері болып тұрмыз.  Тастан құйылған үлкен бір саркофакқа ұқсас үлкен тас шықты.  Солай болуы әбден мүмкін дейміз. Өйткені тастың келбеті және сыртында бір өрнектер бар екен.

 

 

 

Сурет: www.express-k.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер