Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Гонконг арнайы әкімшілік ауданының қаржы министрі Джон Цангпен кездесті. Жүздесу барысында «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру барысындағы өзара іс-қимыл мәселелері жан- жақты талқыланды. Елбасы сапардың жоғары маңыздылығын, сондай-ақ Гонконгтың қаржы, инновация және  технология салаларындағы тәжірибесінің құндылығын атап өтті. Өз кезегінде Джон Цанг Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсеткен қонақжайлығы үшін алғыс айтып, бұған дейінгі өткен  келіссөздердің табысты болғанын жеткізді.  Сондай-ақ шетелдік  мейман Назарбаев университетінің студенттерімен әңгімелесуден зор әсер алғанын атап өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Джон Цанг  Қазақстан мен Гонконгтың одан әрі ынтымақтастығы табысты болатынына сенім білдірді.

 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Я приветствую  ваш визит в казахстан....  Для нас крайне важен ваш опыт, поскольку Гонконг является одним из ведущих мировых  финансовых центров. В настоящее время мы находимся на стадии становления. В целом, наше  взаимодействие идет в русле добрых отношений между Казахстаном и Китаем. этот будеть в русло.

 

ДЖОН ЦАНГ, ГОНКОНГ АРНАЙЫ ӘКІМШІЛІК АУДАНЫНЫҢ ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Қазақстан мен Қытай арасындағы берік серіктестік байланыстар ынтымақтастығымыздың негізі  болып саналады. Делегациямыздың құрамында 20-ға жуық іскер топ өкілі бар. Біз Қазақстан  тарапымен жемісті келіссөздер жүргізіп, оның барысында талқыланған күн тәртібіндегі барлық  мәселелер жөнінде өзара түсіністікке қол жеткізе білдік. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер