Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы  асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық жем-шөп дайындаудың тың әдісіне көшті. Мұнда абердин-ангус, гере-форд тұқымы мен қазақтың ақ бас сиыры өсіріледі. Серіктестік басшысының айтуынша,  құнарлы мал азығы ешбір химиялық қоспасыз дайындалады. Серістестік биыл 6,5 мың гектар алқапқа мал азығын еккен. Алдымен сүрлем дайындалатын жүгері, күнбағыс сияқты дақылдар орылады. Одан соң арпа, бидай, сұлы, тары және  көпжылдық екпе шөптен құрама жем жасалады.  Жалпы биылғы  жоспар бойынша 15 мың тонна жем-азық дайындау көзделген.

 

Батырбек Алдабергенов, серіктестік директоры:

Біз биыл гектарына 30 және одан да жоғары центнерден өнім алып жатырмыз. Малға пішен және сүрлем дайындаймыз. Бұған озық технологияларды қолдану арқылы қол жеткізіп отырмыз. Мұны жеген мал   салмақты еселеп қосады. Бұл дегеніміз малдың өзіндік құны арзандайды деген сөз.

 

Негізі мемлекеттің қолдауымен қаланған серіктестік лизинг арқылы  ауыл шаруашылығы техникалары алып,  мал басын құраған. Алдағы уақытта  шаруашылық ауқымын жеке инвестиция арқылы кеңейтпек.  Шаруашылықта  тұрақты жұмыс істейтін 70 адамның барлығы жергілікті тұрғындар.

 

Батырбек Алдабергенов, серіктестік директоры:

Біз 3 мың одан да көп мал бордақылау алаңын саламыз деп жоспарлап отырмыз. Енді сол малды құнарлы жеп-шөппен қамтамасыз ету үшін біз  жаңа технологияларды игеруіміз қажет. 

 

 

 

Сурет: shymkent.all.biz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер