Астана әуежайында кеден бекетінің жаңа ғимараты қолданысқа берілді. Енді жүк рәсімдеуге  бұрынғыдай 1 тәулік емес, небәрі  жарты сағат жеткілікті болмақ. 270 шаршы метр аумақты алып жатқан ғимаратта электронды кезек қызметі енгізілген. Оған қоса үздіксіз қызмет көрсететін «open space»  жүйесі де іске қосылды. Бұл жүк инфрақұрылымын дамыту жолындағы жобалардың бірі болып табылады. Әуежай келешекте жаңа кеңсе мен қосымша қойма ашуды да көздеп отыр. Мұндай бастамалар елорда әуежайын  дамудың жаңа деңгейіне көтереді-дейді Астана халықаралық әуежайы басқармасының төрағасы Паоло Риччиотти.

 

Паоло РИЧЧИОТТИ, "АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

 Біз енді алдағы уақытта тексеріс өткізу бекетін жүк терминалы артына көшіруді жоспарлап отырмыз. Осылайша, жүк терминалына қолжетімділік клиенттер үшін кедергісіз болады. Оған қоса, деректерді өңдеу, кедендік құжат айналымы жағынана тұтынушылардың Астана әуежайымен өзара әрекет етуі жеңілдейді.

 

 

 

Сурет: www.skyscrapercity.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер