Ақтау Опен Фест - 2016» жастар фестивалі басталады. Үш күнге созылатын шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған. Теңіз жағасында өтетін дәстүрлі мерекені биыл 80 мың адам тамашалайды. Фестиваль аясында «Тіл-таңбалы ақындар» бес томдық жинағының тұсауы кесіледі. Мұнан бөлек панкратионнан  халықаралық турнир өтеді. Әшекей бұйымдар, сурет көрмелері белгілі дизайнерлердің сән үлгілері де көрермен назарына ұсынылады. Баскетболдан Қазақстан чемпионаты, көше спорт түрлері  брейк-данстан жарыстар өткізіледі. Ал «Асық ату» «Ләңгі тебу» сияқты ұлттық ойындар мерекені қыздыра түседі.

 

АМАНҒАЛИ НҰРДӘУЛЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Фестиваль 2012 жылы басталғанда 500-ге жуық жастар спорттық ойындармен шұғылданатын еді. сКл. үш жылдың ішінде 15 мыңнан астам жастарымыз осы ойындарға қызығушылық танытты сКл. түпкі саясатымыз, осы жастардың уақытын тиімді пайдаланып, саламатты өмір салтын, сонымен қатар, өзіміздің салт-дәстүрімізді дәріптеу болып табылады.

 

 

 

Фото: forbes.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер