Қамбасы астыққа толы Ақмола облысына елдегі мол өнімнің үштен бір бөлігі тиесілі. Биыл ақмолалық диқандар 4,7 млн га жерге түрлі дақылдар еккен. Оның басым бөлігі астық.

 

Шортанды ауданындағы егіс алқаптарының біріне президент барып, орақ науқанымен танысты. Ақмола облысында астық жинау 1 қыркүйекте басталды. Егіс алқаптарының жартысынан шамамен 3 млн тонна дән жиналды. Диқандар бұл көрсеткішті 5,5 млн тоннаға дейін жеткізбек.

 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Биылғы жылы жалпы жағдай жақсы деп айтуға болады. Біз 20 млн тоннадан артық астық жинаймыз деп отырмыз. Сапасы жақсы, шығуы да жақсы. Енді уақытында жинап алу керек. Қазіргі күннің өзінде 65 проценттен артық егін жиналды. оның сапасы жаман емес. Қалған кездерде күн жақсы болатын болса астықты жинап үлгереміз деп ойлаймын. Қазірдің өзінде 14 млн тонна астық жиналды. Сондықтан биыл жағдай жақсы.

 

Ендігі міндет мол ырыздықты шашпай-төкпей жинап алу. Жанармай жеткілікті, техника да қолда бар. Үкімет елден артылған сары алтынды экспорттауға да дайын. Елбасы сапарларының нәтижесінде сауда-саттықтың өрісі кеңейіп, жаңа нарықтарға жол ашылып жатыр.

 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Анау күні Қытайға сапар кезінде Қытайға астық шығару мәселесін ақылдастық. Каспий арқылы, темір жол арқылы Ираннан Парсы шығанағына шығаруға келістік. Өзбекстанға көңіл айтып барғандым бір жағыннан, екінші жағынан астықты шығаруды келістік. Астық болса, астықты сатса, жақсылап өзімізді өзіміз қамтамассыз етсек әл ауқатымыз барлығы жақсы болады.

 

Сәтін салса әлауқатымыз алдағы жылдары бұдан да арта түспек. Президенттің болжауынша, 2020 жылға қарай жағдай жақсы болады. 

 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мы находимся сейчас в кризисе. Я надеюсь, что мы начинаем из него выходить со следующего года. 2017, 18, 19 год... С 2020 года, даст Бог, у нас будет хорошо. Цены не будут низкими, как сейчас. Мы новые объекты вводим по индустриализации, по всем делам. Аграрный комплекс поднимается. Будет лучше. Поэтому в начале этого старта подобрали новое правительство, людей опытных, хороших.

 

Нұрсұлтан Назарбаев өңірде өсетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралады. Облыста картоп-сәбізден бастап, дәнді дақылдардың түрлері көп. Мұнда жергілікті жағдайға бейімделген бидайдың жаңа түрлері де таныстырылды.

 

Өңірде ауыл шаруашылығы ғылымы өрге домалап келеді. Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенінің өнімділігін арттыру үшін ғылыми-зерттеу институттарын құру қажеттілігін айтты. Бұдан бөлек, президент тауар өнідірушілермен кездесті. Астық жинау барысы, мал шаруашылығы саласының даму қарқыны сөз болды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер