Алматыда төтенше жағдайлардың алдын алу орталығы ашылды. Бұл мекеменің жұмысы табиғи апаттардың алдын алу және техногендік  қауіп-қатерді мейлінше азайтуға бағытталған. Орталықты Қазақстан Қырғыз елімен бірлесіп ашып отыр. Осы жерде табиғи апаттарды болжау, ақпарат алмасу және төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары сараланады. Қазір мұнда 10 адам жұмыс істейді. Барлығы төтенше жағдай жөніндегі халықаралық дәрежедегі кәсіби мамандар. Басқосуда орталық арқылы табиғи және техногендік апаттарды болжау және қауіп –қатер кезінде қалай әрекет ету керектігі талқыланды.   

 

Валерий ПЕТРОВ, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл орталықты ашудағы мақсатымыз- екі елдің төтенше жағдай жөніндегі мекемелер арасында тәжірибе алмасу және табиғи апаттардың алдын алуда бірлесіп  әрекет ету. Әзірге  Ауғанстан да  бақылаушы болуға ниет танытты.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер