World Food Moscow халықаралық көрмесіне әлемнің түпкір-түпкіріндегі 62 елде  өндірілген өнім қойылды. Ресейдің астанасында өтетін  мамандандырылған көрме соңғы 20 жылдың  ішінде   азық-түлік өндірушілер мен оны жеткізушілердің  кездесетін жеріне айналған.  Биылғы  көрмеге 1500-нан  аса компаниялар қатысуда.  Қазақстан көрмеге  өсімдік майын, консервілер, көкөніс пен жеміс-жидек,  сүт және ет өнімдерін  әкелді. Қазақтың жылқы етінен жасалған өнімдері Ресей нарығында жоқ.  Сондықтан қазы мен сүр етке деген сұраныс көп.  Қазақстан мен Ресейде өндірілген тағамдар әрқашанда  жоғары бағаға ие болады. Себебі табиғи таза өнімдерден жасалады. Салалық көрмеге қатысқан  отандық өндірушілер Ресейге  өнімдерді жеткізу  жүйесін қалыптастырмақ.

 

Дмитрий СТЕПАНЕНКО, "ЛИДЕР" КОМПАНИЯСЫНЫҢ САУДА ДИРЕКТОРЫ: 

аударма.  Бұл көрмеге біз бұрыннан қатысып жүрміз.  Өзімізге қажетті өнім өндірушілермен   байланыс орнатудамыз.  Жаңа әріптестер пайда болды. Қазір Башқұртстан кәсіпкерлерімен  әріптестік орнатып жатырмыз. Біздің негізгі артықшылығымыз -  табиғи өнімдер мен олардың жоғарғы сапасы.

 

Максим СИНЯЕВ, "ГАРАНТИЯ КАЧЕСТВА" БАЙҚАУЫНЫҢ  ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ ӨКІЛІ:

Өнімдер өте сапалы, ешбір қоспасыз. Маған өте  ұнады. Тұтынушы ретінде дәмі жақсы екенін  айтуға болады. Қазақстандық өндірушілер өнімдерінің Мәскеудің  нарығына шығуы бізді қуантады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер