Мәжіліс депутаттары 2017-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бюджетті қарауға кірісті. Енді заң жобасының таныстырылымы өтеді. Бүгін депутаттар Қазақстан мен Сербия үкіметтері арасында табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салықтан жалтармау туралы конвенцияның заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жіберді. Бұл келісімнің арқасында екі ел арасындағы экономикалық ынтымақ нығайып, инвестиция тартуға мүмкіндік артпақ. Айта кетейік, соңғы 10 жылда екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 230 миллион долларға жетті. 

 

Бақыт СҰЛТАНОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Конвенция болмаған кезде 15 пайыз салық алынады, ал Конвенция болған кезде тек 10 пайыз ғана төленетін болады. 01.50 Бүгінгі күні 50 елмен осындай салықтық келісімдер ратификацияланған. Оның ішінде 27 экономикалық даму ұйымының мүшелері. 12 таяу Шығыс елдері. Қазіргі кезде Эстония, Латвия, Литва елдерімен жұмыс жасалып жатыр.

 

Құдайберген ЕРЖАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Елбасымыздың көреген  саясатының арқасында еліміздің дүние жүзіндегі орны және қарым-қатынас шекарасының ұлғайып дамып келе жатқандығын мақтаныш етіп  айтуға болады. Осы заңның жүзеге асуы халықтың әлеуметтік жақсартуға жасалған тағы бір нақты қадам екені белгілі. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер