"ЭКСПО" құрылысы 85 пайызға аяқталды. Бұл туралы бүгін Ұлттық компания басқармасының төрағасы "Болашақ энергиясы" форумында айтты. Ахметжан Есімовтің айтуынша, xалықаралық көрменің құрылысы өз уақытымен жүріп жатыр.  Оған 13 мыңнан астам адам мен 560-қа жуық теxника тартылған.

 

Ахметжан ЕСІМОВ, "АСТАНА ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Астанада өтетін халықаралық көрмеге әлем қауымдастығы зор қызығушылық танытып отыр. Қазіргі таңда маңызы зор шараға 103 мемлекет пен 17 xалықаралық ұйым қатысатынын растады.

 

Ад ВАН ВЕЙК - ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕЛФТ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ /НИДЕРЛАНД/:

Қазақстанның баламалы энергия көздерін дамытуда мүмкіндігі мол. "ЭКСПО" халықаралық көрмесінің Астанада өтуі халықаралық сарапшылардың Қазақстанның бұл саладағы әлеуетін танып білуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, шетелдік клмпанияларды инвестор ретінде тартуға жол ашады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер