Ақмола облысында қалдықты қайта өңдеп, қуат көзін өндіретін зауыт салынады. Бұл туралы елордада өткен халықаралық конференцияда мәлім болды. Іскерлік алаң аясында дәстүрлі және баламалы энергия өндіру саласындағы қазақстандық технологиялар таныстырылды. Сондай-ақ, "Жасыл көпір" серіктестік бағдарламасының хартиясына 5 үкіметтік емес ұйым қол қойды. Айта кетейік, жаңа зауыт Аршалы ауданында салынады. Жобаның жалпы құны 4 миллион еуро. Оны еліміз германиялық инвестормен бірге жүзеге асырып, келер жылы іске қосады.

 

Салтанат Рахымбекова, "Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясының" төрайымы: 

Өткен жылдары үлкен конкурс жариялаған кезде 600 дей ғалымдар қазақстандық энергия тиімділікті асыруға, баламалы тоқты көзін көбейтуге, органикалық ауыл шаруашылықты дамытуға, мынау ауаны ластауды азайтуға ұсыныстар берілген еді. Осы жасыл көпір аясында 600 ұсынысты ұсыну, және инвесторларды тарту.++06:51 Соның арқасында бірінші үлкен технология келіп жатыр. Инвестор өзі келіп, жүзеге асырымақшы.

 

Эгерсман Карлгюнтер, инвестор:

Аударма: Зауыт биогаз шығару үшін салынады. Онда жылына 10 мың тонна қалдық өңделіп, 3500 тонна өнім өндіріледі. Құрылыс аясында 20 мың адам еңбекпен қамтылады. Зауыт іске қосылғаннан кейін, онда 10 адам тұрақты түрде жұмыс істейтін болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер