Алматы облысында электриктер арасында республикалық байқау басталды. Бір аптаға созылатын дәстүрлі сайыс 7 кезеңнен тұрады. Еліміздің 9 өңірінен жиналған мамандар алдымен теориялық білімін сарапқа салады. Кейін жарық бағаналарын ауыстырып, кернеуі 10 киловольттық сымдар мен электр желілерін жалғайды. Тіпті трансформаторда тұтанған өртті өшіріп, тоққа түскен адамға көмек көрсетеді. Жарыстың мақсаты – сала қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып, өзара тәжірбие алмасуға мүмкіндік беру. Бас жүлдеге тігілген екі автокөліктен өзге  ынталандыру сыйлықтары да бар. Мұндай сайыстар жастардың энергетика саласына қызығушылығын арттырып, маман тартуға ықпал етеді етеді - дейді ұйымдастырушылар. 

 

Шаймерден ОРАЗАЛИНОВ, ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ КОМИТЕТТІҢ МҮШЕСІ:

Аударма Бүгінде елімізде сала мамандарының жетіспеушілігі орташа есепппен алғанда 20 пайыздай. Бұл олқылықтың орнын толтыруға осындай жарыстар  септігін тигізеді. Сондай-ақ еңбек нарығында бәсекелестік те арта түседі.

 

 

 

Сурет: doma-problem.net

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер