Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер - лаңкестік әрекеттердің алдын алып отыруы үшін - ақпарат алмасуы қажет. Енді алты ел осы жұмысты белсенді жүргізетін болып келісті.  Бұл туралы бүгін Алматыда лаңкестікке қарсы аймақтық құрылымның 29- басқосуында айтылды. Ал ғаламторда лаңкестікті насихаттау амалдарына тосқауыл қоюда күш біріктірілмек. Жалпы лаңкестік пен діни экстремизмен күресті белсендіру үшін 20 келісімге қол қойылды. Бұған қоса Шанхай ынтымақтастық ұйымының арнайы қызметтері еуропалық әріптестерімен де ақпарат алмаспақ. Айта кетелік, ұйымның лаңкестікке қарсы аймақтық құрылымына - Қазақстан, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғыстан және Тәжікстан мүше. Оған биыл Қазақстан төрағалық етсе, келесі жылы тізгінді Қытай тарапы алады.

 

Нұрғали БІЛІСБЕКОВ, ҚР ҰҚК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл кездесу ең алдымен лаңкестіктің алдын-алу мақсатында  қажетті ақпарат алмасу,  аса қауіпті ұйымдардың іс-әрекеті  туралы мәліметті біліп отыру үшін өткізіліп отыр. Сонымен бірге радикалды топ мүшелерін, олардың теріс пиғылдарын анықтайтын мағлұматты қауіпсіздік ұйымының күштік құрылымдарымен дер кезінде бөлісу.

 

 

 

 

Сурет: www.vestikavkaza.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер