Елбасының жарлығымен Асқар Мырзахметов Премьер-министрдің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындалды. Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босатылып премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды.

 

Сондай-ақ Елбасының жарлығымен Сәкен Жасұзақов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Берік Имашев Орталық сайлау комиссияның Төраға қызметін атқаратын болды. 

 

Мемлекет басшысының жарлығымен Әділет министрі болып Марат Бекетаев тағайындалды. Марат Бақытжанұлы осыған дейін ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

 

Елбасы жарлығымен Талғат Донақов ҚР Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер