Жаңа оқу жылынан бастап Қызылорда облысының мектептерінде смартфондар ұстауға тыйым салынды. Қалта компьютеріне баланған «гаджеттерден» бас тарту шешімін өңірдегі 299 мектеп ішкі жарғысына енгізді. Шектеудің басты себебі оқушылар арасындағы әлеуметтік теңсіздік, қымбат телефондарды ұрлау және жеткіншектердің әлеуметтік желілерге байлануы болып табылады. Мәселен білім ошақтарында орын алған қылмыстардың 65 пайызы көпфункциялы ұялы құрылғыларды ұрлаумен байланысты. Жаңа өзгертулер бойынша мектеп ішінде мұғалімдердің де смартфон ұстауына рұқсат жоқ. Бірақ оқушылар мен ұстаздар мүлдем байланыссыз қалмайды. Ғаламторға кірмейтін және операциялық жүйесі шектеулі қалта телефондарын қолдануға әбден болады.    

 

Бақытжан САЙЛЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Облыс прокурорының ұсынысы бойынша ата-аналар комитетінің, педагогикалық ұжымның жалпы жиналысында шешіммен тыйым салынды. Мұның барлығы мектептерді теріс бағыттағы ақпараттардан оқушыларды қорғау мақсатында және оқу үдерісі барысында интернетке қосылып, басқа жұмыстар жасамау мақсатында беріліп отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер