Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастың жаңа бағыттары Сеулде сөз болды. Онда екі ел ғалымдары мен дипломаттар бас қосты. Тараптар - Қазақ елі мен Корея арасындағы достықтың беки түскеніне назар аударып, іскерлік бағыттағы ынтымақтың артқанын тілге тиек етті. Сауда қатынасы нығайып келеді. Жиналғандардың пайымдауынша ендігі жерде тасымал мен логистика саласындағы түйткілдерді шешуге ұмтылу қажет.

 

ӘСЕТ ЕСЕНӘЛІ, ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЕЛШІСІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

Корея президенті Пак Кын Хенің «Евразийская бастама» деп айдар тағуында үлкен мән жатыр. Әрине ол бірінші кезекте Еуроазиялық кеңістіктегі бірлескен тасымал-логистика саласы. Біздің елдегі жаңа экономикалық "Нұрлы жол" бағдарламасының да діттегені жалпы даму, ал осы көліктік -тасымал бағыты да өзекті жоба ретінде қарастырылып отыр ғой.  Әсіресе шағын және орта кәсіптің өрлеуіне негіз болар тұс та оңтайлы әрі арзан тасымал екені түсінікті.

 

Ресми Астана мен Сеул қарусыздандыру мен ядролық қауіпсіздікке ерекше мән беретіні анық. Солтүстік Корея тарапынан туындайтын зымырандық қоқан лоқының жиілеп кетуі де Оңтүстік Кореяның мазасын алып отыр.

 

ЧАН ДУК ЧЖУН ,  КУКМИН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жиырмаға жуық санкция салғанымен қоқан лоқы тоқтаған жоқ. Президент Ким Чен Ын болашаққа мән бермей отырған секілді, қандай да бір жолмен билікті қолында ұстап қалғысы келеді. Шабуылды да үдетіп келеді. Әсіресе ядролық сынақ өзімшілдіктің көрінісі секілденеді. Жан-жақты тиымдар Солтүстік Корея саясатына ықпал ете алған жоқ. Мүмкін кеңесіп шешетін мәселе шығар. Осы орайда Қазақстанның іс-тәжірибелері үлгі сияқтанады. Президент Назарбаев ядролық жағдайда реттеуге ат салысса дейміз.

 

 

 

Сурет: kor.theasian.asia

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер