Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қасиетті Құрбан айттың алғашқы күнінде Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды. Қазақстан Президенті ұзақ жылдар бойы берік достық пен өзара тілеулестік байланысын бекемдеп келген Ислам Каримовтың қазасын барша қазақ халқы қабырғасы қайыса қабылдағанын жеткізді. Елбасы Ислам Каримовтың рухына тағзым етті. Самарқандағы бейітіне гүл қойып, марқұмның отбасына көңіл айтты.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз білеміз істеген жұмысының бәрі ел үшін жер үшін Өзбекстанды көтеру үшін, Өзбек халқын көтеру үшін аянбай күндіз-түні жұмыс істеп, барлық өмірін, барлық білімін елге берді. Соңғы күнге дейін жұмысын тастамады. Халқына жақсылық жасады. Өзбекстанды бүкіл дүниеге паш етті. Сондықтан орны толмайтын қайғы. Әсіресе, мен үшін. Жақын досымнан айрылдым. Екеумиіз бір заманда тудық. Бірге өсік, бір күннен бастап ел басқардық. 25-30 жылдың ішінде сырлас болдық, бірге болдық. Сондықтан айтып кеткен сөздерінің бәрі менің есімде.

 

Тағлымы мол тарихи кездесуді түйіндей келе Елбасы Өзбекстан Республикасы Президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен де  кездесті. Бауырластық байланысты нығайту аясында ордалы ойлар сараланды.  Тараптар сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастың мейлінше өзекті мәселелеріне басымдық берді.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Уважаемые братья узбеки, сегодня день великого праздника – Курбан айт я специально прибыл чтобы покланиться праху моего друга. Праху Великого сына узбекского народа. Я уверень что его работа и его деятельность будет раскрываться дальше с годами. Мы должны укреплять отношения, укриплять дружбу, потому что мы практический единый народ. У нас одна история. У нас один язык,  у нас одна религия, у нас одна культура. И сохранить эти, продолжать важно.

 

Шавкат Мирзиеев, Өзбекстан Республикасы Президентінің міндетін атқарушы:

Құрметті Н.Әбішұлы, тағы да сізге өз ризашылығымды білдіргім келеді. Осы бір қасиетті күні Ислам Каримовтың рухына тағзым етуге келгеніңізге алғысымды білдіремін. Бұл сапарыңыз кезекті рет қазақ-өзбек халқының ерекше қатынысын аңғартады. И.Әбдуғаниұлы Қазақстан біздің сенімді серіктесіміз екенін үнемі айтатын. Қазақстан мен Өзбекстан халқы екі ұлы көшбасшылардың ерен еңбегін жақсы біледі.

 

Көненің көзі - Самарқанның сар даласына жасаған Қазақстан Президентінің  бұл сапарына өзбек халқы ризашылық білдіріп, Қазақстан мен Өзбекстан тату көршілігін дамудың жаңа сатысына көтеріп, алыс-беріс пен барыс-келісті артыра түсуге айрықша ықылас танытты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер