Оңтүстік Қазақстан облысында мақта терімі басталды. Мақтарал ауданы мен Түркістандық дихандар өнім жинауға кірісті. 109 мың гектардан астам жерге себілген шит бітік шыққан. Бірінші терім қолмен жиналады. Ол - өнімнің сапалы, әрі ысырапсыз жиналуына мүмкіндік береді, - дейді дихандар. Жерді өңдеудің тиімді тәсілін қолданып агро техникалық талаптарды қатаң сақтаған диқандар гектарынан 35-центнерге дейін өнім алып жатыр.

 

Хайрулла РУСТАМОВ, ШАРУА:

Бағасы естуімізше келісі 150 теңге айналасында болады. Бұл шығынның бәрін өтейді. Қалтаға да жақсы қалады. Көсегі де жақсы 9-11 ге дейін салған. Бұрын 6-7 ден аспаушы еді. Шиті ірі салмақты. Терімшілер де қуанып теріп жатыр.

 

Шаруалар жиын-терімді биыл жылдағыдан бірнеше күн ерте бастапты. Өйткені мақта ерте ашылған. Ақ алтынға жауын тисе сарғайып сорты төмендеп кетеді. Сондықтан оны суыққа ұрындырмай жинап алу қажет. Бірінші терімге ауыл адамдарының күшін жұмылдырып жатыр.

 

Дилмира РАЗИҚОВА, ИХАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Таң ертең ертелеп келеміз осы жерге.Биыл мақта жақсы.Күніне 100 келіге дейін теріп жатырмыз.Кішкене жүрсең болды қап жақсы толады .Келісін 15 теңгеден тереміз. Осы жерден напақа тауып бала шағамызға киім-кешек аламыз.

 

Ал ақ алтынның басым бөлігі егілген Мырзашөл өңірінде биыл өнімділік біршама төмен болатын түрі бар. Өйткені шілденің аптапты ыстығында бірқатар мақта алқаптары қуаңшылыққа ұрынды. Себебі  Қырғызстан мен Тәжікстан және Өзбекстан арқылы ағып өтетін «Достық» каналындағы су деңгейі төмендеп, егістік алқапқа дейін жетпей қалды. Салдарынан 28 мың гектар жердегі мақта қанып су ішпеді.

 

Кеңесбек АЛПЫСБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Біздің облыстағы ең негізгі егіс егілетін Мақтарал ауданы.Өздеріңізге мәлім шамалы су тапшылығы болған.Бірақ бұл мәселеде осы ауданда терең қопсыту тәсілін ендіру нәтижесінде және де минералды тыңайтқыштарды уақтылы қолданудың арқасында өз шешімін тапты.Дегенмен де бұл мәселе бойынша біраз проблема бар.

 

 

 

 

Сурет: kz.otyrar.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер