Оңтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ерекше велошеру өтті. Шараға 70-ке жуық адам қатысты. Оның тең жарымы сот қызметкерлері. Велосипедке  жастармен қатар жасы 50-ді еңсерген кәсіби аға буын өкілдері прокурорлар мен депутаттар да отырды. Дәстүрлі шеруге қатысушылар Шымкенттен Түркістан қаласына дейін 180 шақырым жол жүріп өтті. Облыстық соттың ұйытқы болуымен өткен «Тәуелсіздік - бақыт, Мәңгілік ел - мұрат, Әділ сот - мақсат» атты вело-шеруге қатысушылар  Ұлы даланы мекендеген рухы биік елдің бірлігін дәріптеді. Рухани астанаға бет түзеген вело-шерушілер жол бойындағы ауылдарға аялдап жергілікті тұрғындарға ұлы құндылық Тәуелсіздік ұғымын кеңінен түсіндірді.

 

Нұрсерік ШӘРІПОВ, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Еліміздегі ең құнды дүние, ең бақытымыз-Тәуелсіздігіміз. Егеменді ел болып алпауыт елдермен тереземізді теңестіріп әлемге танымал болдық.Ол Елбасының салиқалы саясатының арқасында.Осындай міне халықтың қолдауының арқасында.Сондықтан халықты ауыз біршілікке, тірлікке, достыққа-бақытқа шақыра отырымыз.Біз тек қана спортты,салауатты өмір салтын насихаттау емес осы тарихи орындарымыз бен құнды жерлерімізді көрсетіп оны да насихаттап жатырмыз.

 

 

 

Фото: almaty-akshamy.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер