Жетісу өңірінде мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының нәтижесінде 51 жоба жүзеге асырылып, 7,5 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Биылғы жылдың өткен 8 айында 28 өнеркәсіп нысаны іске қосылды, 11 кәсіпорын кеңейтілді. Жыл басынан бері 340 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімдері шығарылды. Шағын және орта бизнес субьектілерінің саны 155 мыңнан асты.

 

Аймақта астық жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Әр гектардың орташа түсімі 20 центнерден айналуда. Биыл 6 мың 400 гектар жерге қант қызылшасы егілді. Жиналған өнімдер Көксу қант зауытында өңделіп, 20 мың тоннадан астам шекер алынады. Денсаулық сақтау саласының биылғы бюджеті 80 миллиард теңгеден асады. Жақында Талдықорғанда көпсалалы 300 төсектік жаңа аурухана пайдалануға берілді.

 

АСХАН БАЙДУВАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Осы қазір Алакөл ауданындағы Ақши ауылында ауылдық амбулатория салынып жатыр. Сонымен бірге тағы да бізде күрделі жөндеулер жүріп жатыр. Жалпы, Алматы облысы бойынша биыл 14 объектілерге күрделі жөндеулер жасалынуда.

 

Өткен жылы облыста ашылған 99 балабақшаның 88-і мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған. Биыл 84 балабақша пайдалануға беріледі. Былтыр облыста 1 миллион 136 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, биылғы 8 айда жаңа қоныстардың жалпы көлемі 900 мың шаршы метрге жетті.

 

 

 

Сурет: inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер