Алматыда аса қауіпті жұқпалы індеттерді зерттейтін мекеме ғимаратының құрылысы аяқталды. Алайда, Орталық референс-зертханадағы зерттеу жұмыстары  келесі жылы басталады. Оған дейін ғалымдар соңғы үлгідегі құрал-жабдықтарды меңгеруі тиіс. Жоба Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісім аясында жүзеге асып отыр. Мекеме Қазақстанның меншігінде және басқаруында болады. Орталықтың мақсаты елдегі биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл жерде оба, Сібір жарасы, бруцеллез секілді аса қауіпті жұқпалы аурулар зерттеледі. Соңғы жылдары шет мемлекеттерде пайда болған Зико, Мерс және Эбола сынды вирустар да эпидемиологтардың назарынан тыс қалмайды.  

 

ЖАНДАРБЕК БЕКШИН, ҚР БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Аса қауіпті патогендер бұл жерде барлық халықаралық және отандық стандартпен сақталады. Бұл лабораторияда ең жоғары технологиялық зерттеуді жасаймыз.

 

 

 

Сурет: www.caravan.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер