25 елден жиналған кәсіби мамандар қазақстандық фермерлерге инновация мен кәсіпкерліктің қыр сырын үйретпек. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде Агро-біліктілік орталығының директоры Төлеутай Рахымбеков мәлімдеді. Семинар еліміздің шаруашылық орталықтарының барлығын қамтиды. Бір ай ішінде 400 кездесу ұйымдастырылып, 6 мыңнан астам ауылшаруашылық өкілдері біліктілігін арттыратын болады. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішіт көбейту де жоспарленған.  

 

Төлеутай РАХЫМБЕКОВ, АГРОБІЛІКТІЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Маңғыстау облысында түйе өсірумен айналысатын шаруалар үшін семинарлар көптеп ұйымдастырылады. Ал астық шаруашылығы Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарын қамтиды. Жүгері Алматы облысының Талдықорған аймағында, ал күріш Қызылордада жақсы өседі. Оңтүстікте мақта өсіру жоғары деңгейде. Осыны ескере отырып, семинарлардың тақырыптарын салалық мамандарға арнаймыз.

 

 

 

Сурет: altaynews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер