Елордада Алматы облысы күндері өтуде. Осыған орай талдықорғандықтар туған жердің тынысын, ел жұртының ырысын жырлаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Шараға арнайы келген облыстың зиялы қауым өкілдері ауыз әдебиетінің абызы саналатын ақынға тағзым етіп, барша қазақстандықты тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтады. Жұдырықтай жүрегіне Жетісу мен Алатауды былай қойғанда, күллі әлемді сыйзғыза білген ақын бүгінгі күннің мақтанышы дейді шарада сөз алғандар.

 

Әлімғазы Смағұлұлы, мәдениет қайраткері:

Жамбыл атамыздың 170 жылдығы,халқын сүйген атамыз бабамыздың бұл кісі су төгілмес жорға деп жатамыз ғой. Сондай ақындық жағы оқымай-шоқымай осындай дәрежеге келіп екі ғасырда өмір сүрді. Әр жасқа тілейтінім сол кісінің жасын беріп өлең тақпақтарын жаттап жүрсе екен дейміз.

 

Сондай-ақ жетісулықтар елорданың бел ортасында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізді. "Қуатты өңір-қуатты Қазақстан" деп аталған шараға  облыстың 16 ауданы мен 3 қаласы қатысты. Екі күнге созылатын жәрмеңкеге жалпы 370 тоннадан астам 38 өнім түрі әкелінген.

 

Сексенбай Бекішов, Алматы облысы ауылшаруашылығы басқармасының басшысы:

Біздің Алматы облысы немен тәнті ол өйткені Алматы облысында егін шаруашылығы жақсы дамыған.Мысалға сүт өнімдерінің өзі құрт ірімшік қатық, қаймақ бір сұт өзінен қаншама өнім шығады. Бүгінгі Астана қаласының тұрғындары келіп жатыр. Құрбан айттың қарсаңында.

 

 

 

Сурет: www.inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер