Әлемдік  деңгейдегі кәсіби кадрлар даярлау жүйесінде тың жаңалық. Бұдан былай «Болашақ» бағдарламасы аясында инженерлік-техникалық мамандықтарды меңгеретіндер қатары арта түспек. Бағдарламаның арнайы квотасы шет тілін еркін меңгерген және өндірісте кемінде екі жылдық өтілі бар үміткерлерге бөлінеді. «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспары шеңберінде ел экономикасын әртараптандыру мен индустриаландыру міндеті қойылған. Бұл міндет өңірлерде нақты жүзеге аса бастады. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында «Болашақ» бағдарламасының 135 түлегі қызмет атқарып жүр. Соның 70 пайызы мемлекеттік орган мен  жекеменшік секторда, 11 пайызы шетелдік компанияларда жұмыс істейді. Енді олардың қатарын ауыл дәрігерлері мен мұғалімдері және өндірістің түрлі саласына қажетті техникалық маман-кадрлар толықтыратын болады.

 

 

 

 

Сурет: www.myhome.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер