Жылдың аяқталуына 3 айдан астам уақыт қалды. Осы кезең  аралығында ел экономикасын төмендетпеуге бағытталған бірқатар іс-шаралар атқарылды.  Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы осылай деді. Президент халықаралық валюта қоры мен дүниежүзілік банктің биылғы жылға болжамы бойынша әлемдік экономика 3% деңгейінде болатынын атап өтті. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев халықтың әл-ауқатын төмендетпеу басты мақсат екенін айта келе бұл жиында алдағы 3 жылға арналған бюджет жобасы жіті қаралатынын сөз етті.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

Дүниежүзілік экономиканың ахуалы жақсарады деп айтып отырғанымыз жоқ. Европада да, Ресейде де төңірегімізде де бізге ықпал етеді. Соған қарамай біраз шаруалар істеп, барлық қазақстанның экономикасын төмендетпеуге бағытталған ісшараларды сіздермен біз қолдандық. Енді сол әлеуметтік ахуалды қарап, қалған уақытта не істеуіміз керек, қандай жаңа шараар жасауымыз керек сол үшін кездесіп отырмыз. Осындай жағдайда біз қиыннан жол тауып, экономикамызды алып шығуымыз керек. Халықтың әлеуметтік жағдайын жасауға барлық жағдай жасауымыз керек.

 

8 айдың қорытындысы бойынша елдегі жалпы ішкі өнімнің өсімі 0,3 пайызды құрады. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 0,5 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Елбасының алдында есеп берген Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Қуандық Бишімбаев осылай деді. 8 айдың ішінде өңдеуші өнеркәсіпте өсім  0,7 ,ауыл шаруашылығында 5 пайыз болды. Аграрлық секторға құйылған инвестиция көлемі де 40 пайызға артты. Ал елімізге тартылған тікелей инвестиция 5,7 миллиард доллар.  Дегенмен әлемдік дағдарыс салдарынан сыртқы сауда айналымы 30 пайызға төмендеген. Нұрлы жол бағдарламасына бөлінген 770 миллиард теңгенің  304 -і қазір толығымен игерілді. 170-тен астам жұмыс орны сақталып қалды.

 

Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі

Теміржол мен автокөлік, Транспорттық логистика инфрақұрылымын дамытуға 97 млрд теңге бөлініп, бұл қаражат жоспарға сай толығымен игерілді. Тұрғын-үй нысандарына тиісті инфрақұрылым жасау үшін 78,5 млрд теңге қарастырылған болатын. Қаржының 90% игерілді. Үй құрылысына 251 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Қазір 178 млр теңгенің келісім жасалып, аумағы 900 мың шаршы метрді болатын тұрғын үй салынып  жатыр.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

Нұрлы жолға біз жаңадан ақша салдық қой. Өткен айда айттық, тағы да қосымша қаражаттар береміз экономиканы көтеру үшін, жұмыстарды жасау үшін. Следить за тем, чтобы эти деньги попали куда надо, и следить за тем, чтобы они послужили экономике- это твоя задача на этот год. 

 

Сурет: longread.strana.ua

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер