«Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне 214 студент оқуға түсті. Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының түлектері негізінен, педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтарын таңдапты. Әлеуметтік жоба осымен 3-ші жыл қатарынан жүзеге асып отыр. Петропавл университетіне түскен студенттердің енді әлемнің үздік оқу орындарында да білім алуына мүмкіндік туып отыр. Қазір мұнда «Жол картасы» бағдарламасы дайындалып жатыр. 

 

СЕРІК ӨМІРБАЕВ, МАНАШ ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ РЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Сол «Жол картасының» арқасында біздің студенттеріміз Испаниядағы Барселонаның университетінде, Италияның университеті бар «Болонский» деген, Германияның университеті бар, сол университеттерде біздің студенттеріміз бір семестрға оқуға барып, дәріс алатын мүмкіндік туады. 

 

Фото: tvk-uko.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер