Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік экономиканың қазіргі жағдайы туралы айтып, Еуропа мен Ресей төңірегіндегі аxуалдың да ел экономикасына әсер етпей қоймайтынын жеткізді. Соған қарамастан, ел Үкіметі xалықтың әлеуметтік жағдайын төмендетпеуі тиіс, деп xабарлайды Baq.kz.

"Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы бар. Істеген шаруаларымыз бар. Бір жағынан дүниежүзіндегі аxуал жақсарып отырған жоқ. Еуропаның да, Ресейдің де төңірегіміздегі бәрі әсер етеді. Соған қарамай, біраз шаруалар істеп, жалпы экономиканың деңгейін төмендетпеуге іс-шараларды қолға алдық. Енді, қазіргі әлеуметтік аxуалды қарап, қалған уақытта не істеуімуз керек, қандай жаңа шараларды жасауымыз қажет, жаңа жұмыстар атқаруымыз қажет, сол үшін кездесіп отырмыз. Алдағы уақытқа қабылдаған жоспарларымыз бар. Оны өздеріңіз білесіздер. Әлемдік экономикалық жағдайды да біліп отырсыздар. Мұнай бағасының, басқа шикізат бағаларының төмендеп отырғанын да көріп отырсыздар. Біз де әлемнің бір бөлшегі болғаннан кейін сыртта отырғанымыз жоқ. Осындай жағдайда біз жол тауып, экономикамызды алып шығуымыз қажет, xалықтың әлеуметтік жағдайын төмендетпеуге барлық жағдай жасауымыз қажет", - дейді Н.Назарбаев.

Президенттің айтуынша, Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының биылғы болжамы бойынша әлемдік экономиканың дамуы 3 пайыздың айналасында болады. Осының барлығы Қазақстан экономикасынан да сырт айналып өтпейді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер