Биыл ақмолалық шаруалар егіс алқаптарының әр гектарынан 48 центнерге дейін өнім жинауда. Мамандар биылғы олжаны мамандар тың технологиямен де байланыстырады. Егістік алқаптарын спутник арқылы бақылау, су жаңа техникалар мен ғылыми тәжірибелер табысты еселеуге мүмкіндік берген. Одан қалды, әрине, жүздеген жұмысшының тынымсыз тер төгуі тағы бар. Айта кетейік, рекордтық өнім жинап отырған серіктестіктегі негізгі көрсеткіш орта есеппен гектарынан 25-30 центнерге жуықтайды. Ал облыс диқандарының орташа табысы гектарынан 13 центнерден айналуда.

 

Марлен ХАЙМУЛИН, СЕРІКТЕСТІКТІҢ БАС АГРОНОМЫ:

Ерте көктемнен бастап біз, ең алдымен топырақты дайындадық. Ал, егін себер кезде бүкіл тиісті талаптарды қатаң сақтадық. Оның үстіне тыңайтқыш қосып септік. Кейіннен егін шыққан соң, түрлі аурулар мен зиянкестерге қарсы екі рет химиялық өңдеу жұмыстарын жүргіздік. Бастысы – барлық шаралар уақытында әрі өте сапалы жасалды. 

 

Дмитрий СТЕЖКИН, МЕХАНИЗАТОР:

Осындай мол өнім алу үшін барлығымыз тырысып, бар күшімізді салдық. Енді еңбегіміз еш кетпеуі үшін күн райының қолайлы кезін ұтымды пайдаланып, егінді дер кезінде ысырапсыз жинап алуымыз қажет. Сондықтан да, күндіз-түні егістік басындамыз.

 

 

 

Сурет: bnews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер