Қарағанды облысындағы Қарабас полигонында 3 күн бойы Ұлттық ұланға қарасты барлық өңірлік қолбасшылықтардың дайындығы пысықталды. Осымен 10-шы жыл қатарынан өткізіліп отырған дәстүрлі шарада  жауынгерлер «Үздік жүргізуші», «Үздік экипаж» аталымдары бойынша марапатталды.

 

Аймақтардағы жарыстарда топ жарып, сайдың тасындай іріктелген жігіттер дұрыс командалық басқару, жауды жою, түрлі бөгеттерді бағындыру секілді күрделі тапсырмаларды орындады. Шараның басты мақсаты – кез-келген жағдайда жеке құрамның психологиялық, тәжрибелік тұрғыда дайын болуы, - дейді әскери қолбасшылар.  

 

САҒАТБЕК НҰРАХМЕТОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ БАС ҚОЛБАСШЫСЫНЫҢ ТЕХНИКА ЖӘНЕ ҚАРУ-ЖАРАҚ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Арнайы техника деген ол бүгінгі күні өте, жаңағы дамыған техника деп айтамыз. Ол жай ғана жүргізумен шектелмейді, доңғалақты қозғалту емес. Оның ішінде арнайы аппараттар бар. Ол күнде-күнде жаттығумен үйретіледі. 

 

 

 

Сурет: topwar.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер