Мемлекет басшысының жарлығымен Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Жеті жылға жуық үкіметтің тізгінін ұстаған ол бүгін Премьер-министр қызметінен босатылды. Елбасы ведомстваның жаңа басшысын ҰҚК-ның ұжымына таныстырды.

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Конституция бойынша, заң бойынша бүгіннен бастап үкімет таратылады, жұмысын тоқтатады. Сондықтан ендігі мен Жарлық қабылдағанша, үкімет өз жұмысын әрі қарай бастай береді. Үкіметтің басшысы тағайындалғаннан кейін, мен Жарлықпен басқасын тағайындайтын боламын. Ол ұсынысты жаңа үкімет басшысы енгізеді.

 

Кәрім Мәсімовті  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындауға Сенаторлар келісімін берді. Елбасы үндеуін Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков оқып берді. Айта кетейік, Кәрім Қажымқанұлы  2007-2012 жылдары Премьер-Министр лауазымына тағайындалды. Кейіннен Президент Әкімшілігін басқарып,  2014 жылы  Үкімет басшысы қызметін атқарды. Ал Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін министрлер кабинеті жұмысын жалғастыра береді. Премьер-Министрдің міндетін уақытша атқару Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер