Жыл басынан бері ақтөбелік кәсіпорындар Алматы облысына 584 млн теңгенің өнімін жеткізіп, өңіраралық байланысты нығайтуда. Жергілікті комбинаттың жоғарғы сұрыпты ұны, май зауытының өнімдері мен шұжық түрлері көп тасымалданған. Өз кезегінде Алматы облысы 232 млн теңгенің өнімін апарған. Оңтүстік өңірден қант, сүт және шәй сатып алынды. Екі облыс арасындағы  кооперацияны одан әрі дамыту үшін, тағы да келіссөздер жүргізіліп жатыр. Алматылық кәсіпкерлерден құралған делегация Ақтөбе өңірінде жүр. Олар ауыл шаруашылығы тауарларын шығаратын кәсіпорындарды аралап, өнім түрлерімен танысуда. Болашақта Алматы облысына макарон өнімдері көптеп жеткізілетін болды.

 

Нұржан ҚОЖАМҰРАТОВ  МАЙ ЗАУЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ /АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ:

Өңіраралық кооперацияны дамытқымыз келеді. Яғни, импортты отандық өнімдермен ауыстыруға мүмкіндік мол. Әрбір облыстың әлеуетін ескере отырып, келіссөздер жүргізу қажет. Мысалы, Ақтөбеде күнбағыс дәнін шығаратын кәсіпорын қызықтырды. Әрі, облыста осы күнбағыс алқаптары ұлғайтылып жатыр екен. Болашақта әріптестік орнатсақ дейміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер