Оңтүстік Қазақстан облысында салынатын  қуаты 4 мвт  шағын екі су электр стансасын қаржыландыруды Түркиялық ірі компания ниет білдіріп отыр. Құны 2 млрд. теңгеден астам жоба 2017 жылы іске қосылмақ.. Судың ағысын пайдаланып электр қуатын өндіретін станса Түлкібас ауданындағы Машат өзенінің бойына тұрғызылмақ. Облыстағы кәсіпорындар мен тұрғындар айына 400 МВТ қуат тұтынады. Оның 29 пайызы жергілікті жерде өндірілсе, қалғаны Қазақстанның басқа өңірлерінен тасымалданады. Баламалы қуат көзі осы тапшылықтың орынан толтыруға толық мүмкіндік береді,-дейді мамандар.

 

Талғат АЛПЫСБАЕВ, "ШЫМКЕНТ" ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Бұл жобаларға Израиль мен Қытай сияқты алпауыт елдердегі ірі компаниялар қызығушылық танытып отыр. Поляктар да  келіп кетті. Бірақ біз негізі қаржы көлемі 500 миллион теңгеден аспайтын шағын су электр стансаларын салуды көздеп отырмыз. Сонда жобаны жүзеге асыруға жергілікті кәсіпкерлер де ат салысатын болады. Бұл ойымыз әске асады деп ойлаймыз.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер