Қызылордада «Жұлдыздарға қара» бағдарламасы бойынша мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге демеушілік көрсетілді. «Даму» қоры ұйымдастырған жоба аясында 4 сырбойылық қайтарымсыз грантқа ие болды. Бизнес-идеясын дамытуға мүмкіндік алған жанның бірі – Қазалы ауданының тұрғыны, ІІІ-топ мүгедегі Бақытжан Жақсылықов. Ағаштан есік-терезе жасайтын ол азын-аулақ тапсырыстар қабылдайтын. Бірақ қажетті құрал-жабдықтың жоқтығы кәсібімен түбегейлі айналысуға қолбайлау болып келген. Енді міне 300 мың теңге грантқа арнайы шеберхана қондырғылары тарту етілді. Бұдан былай қазалылық ұста түрлі ағаш бұйымын жасап, нарыққа шығаратын тауар көлемін арттырмақ. 2012 жылдан бері 24 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерге қайтарымсыз қолдау жасалған.

 

Рыскүл САХАУОВА, Б. ЖАҚСЫЛЫҚОВТЫҢ АНАСЫ:

Құралы жоқ қоларамен кішкентай тіршілігін істейтін. Қазір енді «Даму» қоры арқасында станок, болгарка, ара барлық құралдарын беріп жатыр. Мен бұрын зейнетақыммен асырап отырғанмын. Енді 5 баласын, әйелі де жұмыс істемейді. Өз отбасын өзі асырайды деп қуанып отырмын.

 

 

 

Сурет: www.damu.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер