Солтүстік Қазақстан облысында күзгі дала жұмыстары жалғасып жатыр. Ауыл шаруашылығы басқармасы берген мәліметтер бойынша, бүгінгі күнге дейін 3 млн. 200 мың тонна астық жиналды. Орташа түсім – 17,2 центнер. Егін орағы бойынша  Жамбыл, Есіл және Қызылжар аудандары алда келеді. Қазірдің өзінде астық қабылдау орындарына 120 мың тоннадан астам бидай жеткізілді. Диқандар қауымы арзандатылған жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етілген. Жиын-терімге 8 мыңдай комбайн жұмылдырылған. Биыл шаруалар шамамен 5 млн. тоннадан астам сары алтын жинауды жоспарлап отыр.  

 

АЛТЫНБЕК АБДОЛЛАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бүгінгі таңда облысымызда 53 астық қабылдау қаймалары бар. Біздің шаруашылықтардың барлығы сол астық қабылдау орындарына өзінің егіндерін тапсырып жатыр. Сыйымдылығы сонымен толық қамтамасыз етілген. Егер де ауа – райы осылай болып, күн ашық болатын болса, бір 2 – 2,5 жетіде толық егінімізді орып бітіреміз деп ойлаймыз.

 

Сурет: bnews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер