Қазақ елі Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Экпедиция 25" Семейге жетті.  Абай, Шәкәрім мен Мұхтар туған топырақ  алғаш келген адамды "селт" еткізбей қоймайды.  Қасиетті өлке тарихи, археологиялық ескерткіштерімен  құнды. Экспедиция мүшелері қаланың көрнекті жерлеріне бас сұқты.   Операторлар, блогерлер, актер, фотограф, кәсіби саяхатшылармен жасақталған құрамның басты мақсаты – Қазақстанның көрікті орындарын насихаттау.  Ел аралап жүрген топ Семейден кейін Өскеменге жол тартады. 

 

ҚУАТ БОЛАТОВ, ҚАЗАҚСТАН  ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ

Семей қаласына дейін біз бүкіл Оңтүстік Қазақстанды, Орталық Қазақстанды, Солтүстік Қазақстанды аралап шықтық. Қазір бізде экспедицияның дәл ортасы әлі біз 2 айдай жүретін боламыз. Семейден кейін біз шығысқа қарай Өскемен, Қатон Қарағайға барамыз. Содай кейін екі үш аптадан соң Батыс Қазақстанға баратын боламыз. 

 

Сурет: 24.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер