Оңтүстік Қазақстан облысында Мақсары орағы қызу жүріп жатыр. Биыл ауа райының қолайлы болуы мен агротехникалық талаптардың сақталуының арқасында өнім бітік шыққан. Мақсары дәнін былтыр шет елге шикізат күйінде жөнелткен шаруалар сұраныс болса оны өңдеп, өсімдік майын экспорттамақ ниетте.

 

Соңғы үлгідегі комбайндар тәулігіне 40 гектарға дейін егін орады. 20 жылға жуық темір тұлпардың тізгінімен алысып келе жатқан Зайыр Мұстафаев көліктің ішінде жүргізушіге қажетті  жағдайдың барлығы жасалған дейді.

 

ЗАФАР МҰСТАФАЕВ, МЕХАНИЗАТОР

Өнімнің жақсы болуын басындағы бүршігіне қарап білуге болады. Биыл өнім жақсы.Нива Енисей комбайны бір айналғанда бұл екі рет жүріп өтеді.Одан кейін жаткасы 6 метр. Жинаған кезде бұнда потерия өте аз болады.Бұл таза жинайды.

    

Қатарынан екі жыл құрғақшылыққа ұрынып салдары суға кеткен дихандардың биыл көңілдері тоқ. Өйткені биыл егін бітік шықты. Оған агротехникалық талаптардың қатаң сақталуы  мен тұқымның жергілікті түрін себу сеп болған.  

 

ХАЛИ САРМАНОВ, "САЙРАМ – АГРО" АШӨК ТӨРАҒАСЫ

Енді бұдан ары қарай өнімді 20 центнерге дейін көтерсек деген ойымыз бар.Ол үшін бізге тыңайтқыш беру керек.Қазіргі таңда ешқандай шаруа мақсарыға тыңайтқыш бермейді.Соны қолға алу керек.Одан кейін обработканы қолға алу керек. Үкімет тарапынан көмек болса Мақсары дәнін бүкіл дүние жүзіне белгілі брендпен Оңтүстік Қазақстанда шығарылған деген атаумен шығарсақ деген мақсат бар.

 

Кооператив биыл ерте көктемде құрылыпты. Жалпы 60 қа тарта үлескері бар. Ұжымдағылардың басты мақсаты -  Мақсары кластерін құру. Осы бағытта арнайы жобаларын да әзірлеп қойыпты.

 

Сурет: saigez.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер