Қазақстандықтар үшін Бразилияға сапар жасау жеңілдей түсті. Екі ел арасында 30 күнге арналған визасыз режим туралы келісім күшіне енді. Бұл екіжақты қарым-қатынасты дамытуға жасалған маңызды қадам, деп есептейді Латын Америка мемлекетінің елшісі Деметрио Буэно Карвальо. Енді біздің азаматтарымыз Бразилияға емін-еркін бара алады. Сондай-ақ, бразилиялықтар да Қазақстан арқылы Орта Азияға саяхаттау мүмкіндігіне ие. Айту керек, бүгінде қос ел арасындағы жыл сайынғы сауда-саттықтың көлемі $400 млн құрайды.

 

Деметрио Буэно Карвальо, Бразилияның ҚР Өкілетті және Төтенше елшісі

Бұл өте маңызды келісім деп есептеймін. Бұған дейін бизнесмендер үшін де, қарапайым азаматтарға да екі жаққа сапар шегу қиын еді. Енді екі елдің халқы үшін құжаттар жинап, елшіліктің табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Бар болғаны билет сатып алып, тура Бразилияға немесе Қазақстанға аттануына болады.

 

Сурет: www.leisure.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер