Алматы маңындағы тау шыңында экстремалды аттракцион салынады. Бұл туралы Медеу инвест форумы барысында қалалық Туризм басқармасының жетекшісі Тимур Дүйсенғалиев мәлімдеді. Таудың ұшар басындағы көпір немесе көру алаңы тек әйнектен жасалады. Жоба Шымбұлақтың жоғарғы жағындағы Чкалов шыңына салынады.

 

ТИМУР ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ, ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Шетелдік сарапшылар 30 миллион еуро инвестиция қажет деп отыр. Біздің есебіміз бойынша жоба 2018-2020 жылдары жүзеге асады. СКЛ.  Инвесторлардың қаржысына салынады.

 

Қазір қалада 135 қонақ үй бар. Олар жылына 4,5 миллион адамды қабылдай алады. Ал, өткен жылы шаһарға 700 мыңнан астам турист келген. Шетелдік саяхатшылар соның жартысына да жетпейді. Бұған қонақ үйлердегі бағаның қымбаттығы да кері әсерін тигізген. 

 

ҚАЙРАТ САПАРБАЕВ, ҚОНАҚ ҮЙЛЕР ЖЕЛІСІНІҢ БАСШЫСЫ

Негізінде студенттер келгенде хостел деген болады. $5-10 басталу керек бір койкасы. СКЛ Үлкен азаматтар $20-25 бастау керек. Ол енді хостел емес отель. И ең көбі $50-75 болу керек.

 

ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, МЕДЕУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Жақында қаладағы бірінші этнокафе алғашқы меймандарын қабылдайды. Оған 450 миллион теңге инвестиция жұмсалды. Жыл соңына дейін тағы төрт қазақ мейрамханасы ашылады.

 

Шетелдіктерге қолайлы болу үшін биыл Алматы маңындағы көрікті жерлердің картасы жарық көреді. Қағаз нұсқасымен бірге оның мобильді қосымшасы да жасалынады. Сонымен қатар, туристік бағыттардағы инфрақұрылымдардың барлығы жөндеуден өтеді.     

 

Сурет: ru.almaty.wikia.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер