«Союз ТМА-20М» аппараты Қазақстан аумағына қонды. Ресейлік ғарышкерлер Алексей Овчинин, Олег Скрипочка және НАСА астронавты Джеффри Уилльямс жерге аман-есен оралды. Аппарат Қарағанды облысында Жезқазған қаласынан 148 шақырым жерге қонған. Оның қону барысын іздестіру-құтқару қызметінің  мамандары бақылап отырды. Сондай-ақ, операцияға  4 ұшақ, 12 тікұшақ және 18 арнайы техника жұмылдырылды.

 

Сурет: 24.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер