Оңтүстік Қазақстан облысында ақ суыр мекендейді деп хабарлайды 24.kz.

 

Ақ түсті кеміргіштерді аумақтық инспекция мамандары «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің аумағында теңіз деңгейінен 3 мың метр биіктіктегі Кіші жұрт жазығынан байқаған. Тышқандардың бұл түрі «Қызыл кітапқа» енген. Табиғат сақшылары тиін тұқымдас сүтқоректінің он бірі барын анықтады. Жергілікті тұрғындар мұндай суырды 70-ші жылдардан бері көрмегенін айтады. Ежелден-ақ аңшылар оны киелі санап атпаған және тұзақ та құрмаған. Бүгінде парк аумағындағы көк суырдың саны 13 мыңнан асыпты.

 

Сурет: 24.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер