Жұмысқа орналасатын азаматтардың барлығынан бірдей істі болғаны не болмағаны туралы анықтаманы талап етудің қажеті жоқ. Халықаралық түрме реформасы ұйымының Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Азамат Шамбилов бұл тәжірибені мүлдем доғаруды ұсынды. Айтуынша, мұндай анықтама тек аурухана, мектеп және әлеуметтік нысандарға жұмысқа орналасатындардан талап етілуі керек. Бұрын істі болған азаматтарды жұмыспен қамтуға бұл бастама оң әсер етеді, - дейді ол. Қазіргі уақытта ішкі істер министрлігі жобаны қолданысқа енгізу жайын қарастырып жатыр.

 

Мейрам Аюбаев, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары

16 мың қылмыстық атқару жүйесінің сотпен жаза берген, жазасын өтеп шықты. Сол 16 мыңның 11 мыңы пробация қызметіне барды. Пробация деген  - как координатор. 11 мыңның пробация қызметінен барлығы жұмысқа орналасты. Ал, 5 мыңы қайда жұмысқа шықты ма, шықпады ма, біздің құзыреттен шықты. Бізде ондай есеп жоқ.

 

Сурет: house.qq.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер