Еліміздегі бірқатар ақпарат агенттігінің хабар тарататын бағыты өзгеріске ұшырамақ. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазконтент» Акционерлік қоғамының басшылығы мәлімдеді. «Қазконтент»-тің еншісіне кіретін алты сайттың ақпарат тарату бағытымен қатар дизайны да өзгереді. "Мемлекеттік ақпарат агенттігінің бірі «Bnews.kz» сайтының сегменті ауысады, яғни жаңалықтарды жан-жақты талдап, сараптап түсіндіретін бағытты ұстанады», –дейді, Басқарма төрағасы Асқар Ахметов.  Алғашқы ұлттық видео-портал саналатын Kaztube-тан Қазақстан туралы мемлекеттік тілдегі видеолардың барлығын дерлік табуға мүмкіндік жасалады. Әрі сайттың дизайны өзгереді. Ал алғашқы қазақстандық әлеуметтік желі ретінде танымал EL жобасы да едәуір өзгеріске ұшырамақ. Отандастарымыздың өмірі жайында, шығармашылық, саяхат, мәдени оқиғалары туралы материал жариялайтын ақпараттық-көңіл көтеру порталына айналады. «Қазконтент» Акционерлік қоғамының әр ресурсы өзгеру барысында смартфондар мен планшеттерге арналған ыңғайлы мобильді нұсқаға ие болады. Соның арқасында ақпаратты оқу, тыңдау қолайлы болмақ.

 

Абай Жақыпов, "Қазконтент" АҚ Интернет-жобалар жөніндегі басқарушы директоры:

«Adebiportal.kz» порталы жаңа бейнеге ие болады. Оның мақсаты Қазақстандағы гуманитарлық білімді насихаттау болып табылады. сайт мәдениетті дамыту, және шығармашылық тұлғаларды, мемлекеттік тілді дамытуға арналған. «E-history.kz» порталына келетін болсақ ол Қазақстан тарихының порталы. Ірі тарихи national geographic history порталына трансформацияланады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер