Отандық медицинада  зәр шығару жолына алғаш лазер сәулесімен операция жасалды. Бұл инновациялық әдісті Алматыдағы № 4 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері бірінші болып қолданды.  Шетелден  алынған қымбат қондырғы несеп жолына жиналған тастарды толық үгітіп тастайды. Емдеу мекемесінде күніне 50 - ге жуық күрделі операция жасалады. Жаңа қондырғының көмегімен осы уақытқа дейін 9 емдеу шарасы өткізіліп, барлығы сәтті аяқталған. Операция барысында науқас еш ауырсынбайды. Мұндай операция жасату үшін порталға өтініш беру керек. Сонда тегін жасалады. Литотерапия әдісі жүрек талмасына ұшыраған  жандарға да еш зиян емес, дейді дәрігерлер. 

 

Ғабит Әбдиев, дәрігер-уролог:

1 тасты 3 минут ішінде литотриптер аппаратымен шаңға айналдырып жібердік. Келесі жеті тасты істеп болғаннан кейін аденома тур операциясы жасалатын болады. Біздің клиникамызда бұл  операциялар өте жақсы деңгейде өтіп жатыр.

 

 

 

Сурет: antritis.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер