Ұлттық музейдегі алтын мен күміс жәдігерлерді енді қалың бұқара арнайы каталог арқылы тамашалай алады. Бүгін Астанада осындай екі топтаманың тұсаукесері өтті. Бірінде бағалы металдардан түрлі пішінде жасалған 250-ден астам бұйым сипатталса, екіншісінде мыңға тарта қазақтың көне зергерлік әшекейлері көрініс тапқан. Әрбір жәдігердің тіпті, әрбір ою-өрнектің өзіндік мән-мағынасы бар дейді мұражай қызметкерлері. Ертеде қыз-келіншектер мен әжелер оларды жас ерекшеліктеріне байланысты таққан. Сондай-ақ, ырымға байланысты тарту етілген әшекейлер де топтамаға енгізілген. Айта кетейік, бүгінде Ұлттық музей қорында 4200-ден астам алтын мен 5250-ге жуық күміс бұйымдар бар. 

 

РЫСКҮЛ БЕКТАЛИЕВА, ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІНІҢ БАС ҚОР САҚТАУШЫСЫ:

Жастарға үлгі болса екен. Солар осы біздің ата-бабамыдың, аналарымыздың таққан зергерлік әшекей бұйымдарының мәнін түсінсе екен. Соның мәнін түсіне отырып, өздері де сондай әсемдікке ұмтылса екен деген ой.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер