Таиландтың оңтүстігінде бастауыш мектептің маңында болған жарылыстан ер адам мен оның 5 жасар қызы қаза тапты. Бұл туралы Рейтер агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлады. Оқиға сейсенбі күні таңертен елдің Наратхиват провинциясында болған. Осы кезде ата-аналар балаларын мектепке ертіп әкеле жатқан. Сол кезде оқу мекемесінің кіреберісіне қарсы бетте тұрған мотоцикл жарылған. Оқиға кезінде тағы 8 кісінің жарақат алғаны белгілі болды.  

 

 

 

Сурет: www.newstaraz.kz

 

 


 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер